ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНЕН 1424 CALL ОРТАЛЫҒЫНА ШАЛЫНҒАН ҚОҢЫРАУ АРҚЫЛЫ 7 ТҰЛҒАНЫҢ ҮСТІНЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай  2020 жылдың 8 айында  атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Баспасөз жиынында ағымдағы жылдың 8 айында Департаменттің Тергеу басқарамасының өндірісінде 288 қылмыстық іс болғандығы, оның ішінде 169-ы  Агенттіктің Түркістан облыстық департаментімен тіркелгендігі атап өтілді.

Және өндірісте болған істердің 184-і өндіріспен аяқталып, оның 42 ісі айыптау актісімен сотқа жолданғандығы баяндалды.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихаты барысында әрбір аяқталған істер бойынша алдын алу шараларын күнделікті жүргізудің арқасында ҚР ҚПК-нің 200 бабына сәйкес, заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстарды енгізу көрсеткіші 100%-ға жеткендігі атап көрсетілді.

Атап айтқанда, биылғы жылдың 8 айында 75 ұсыныс жолданып, оның 64-і қаралып, 44 лауазымды тұлға түрлі деңгейдегі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған.

Баспасөз жиынында Департамент басшысының бірінші орынбасары мекеме ұжымының қатысуымен — 40, ал басшылардың қатысуымен — 22 ұсыным қаралғандығын тілге тиек етіп, сотқа  жолданған қылмыстық істер бойынша ұсыныстардың барлығы толық мемлекеттік органдарға жолданғанын жеткізді.

Бұдан бөлек, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қағидасына сәйкес,  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен 9 тұлғаға 1,5 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілгенін алға тартып, Агенттіктің 1424 Call орталығына Түркістан өңірінен хабарласқан 73 азаматтың берген ақпараты арқылы жедел әрекет ету амалдары жүргізіліп, нәтижесінде 7 тұлғаның заңсыз әрекеті үшін қылмыстық іс қозғалғандығы атап өтілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444