«Этносаралық келісім — тұрақтылықтың кепілі»

Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл

Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық бренд» жобасы аясында түрлі этнос өкілдерінің кәсібін көрсететін көрме өтіп тұрады. Көрмеде этнос өкілдері өздері өндіретін өнімдерін ұсынады және өз тәжірибелерін жастармен бөліседі. Мәселен, түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латифша Асанов: «Өз өндірісімізді өркендетуіміз біздің елімізге, соның ішінде миилион тұрғыны бар Шымкент қаласының дамуына қосқан үлесіміз» дейді. Шымкент қаласында «Lux SHOES» қазақ-түрік бірлескен аяқ киім фабрикасы бүгінгі нарыққа 200-ден астам аяқ киім үлгілерін тігіп шығарды. Фабрика басшысы Захид Ергашев «Этносаралық келісім — тұрақтылықтың кепілі» дейді, сондай-ақ өнімдер алдағы уақытта шетелдерде де сатыла бастайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444