Әлемдік сынақты берекеміз бен бірлігіміздің арқасында бірлесе жеңейік

Береке басы — бірлік. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақ астына ұйыстырып отырған қоғамдағы тұрақтылық пен дамуымыздың кепілі болған бүгінгі 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының да төл мейрамы десек болады. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толып отыр. Осы орайда мерейтой қарсаңында ұйымдастырылған «Қазақ дастарханы» челленджін Шымкент қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Төлепова Гаухар Уәлиханқызы  еврей этномәдени бірлестігінен қабылдап алып, әзірбайжан этномәдени бірлестігіне жолдады. Сонымен қатар, Гаухар Уәлиханқызы қазақ тағамын дәмді етіп әзірлеп, барша Қазақстан халқына ізгі тілегін жолдады. «Бірлігіміз жарасып, әлемде болып жатқан сынақты берекеміз бен бірлігіміздің арқасында бірлесе жеңіп, бейбіт күнде күн кешейік» дейді ол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444