Бірлігі бекем ел

Шымкент қаласындағы №28 жалпы орта мектебінің оқушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі құрметіне онлайн режимде тәрбие сағатын өткізді. Әлеуметтік желіде оқушылар туған жер, бейбітшілік, Отан-Ана туралы өлеңдер оқып, өздерінің патриотттық сезімдерін, еліне деген сүйіспеншіліктерін ақ қағазға бейнелеп көрсетті.  Іс-шараның мақсаты — оқушылардың бойына белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік  жауапкершілікті, Отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру басты назарға алынған. Рухани-азаматтық тәрбие баланың бойында ең алдымен, анасына, өз отбасына, үйіне,  туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға өскен сайын біртіндеп  ұлт, халық, әлеумет, мемлекет  деңгейіне көтеріле беретін бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Мектеп қабырғасынан бастап, рухани адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеу ісінде бүгінгі ұстаздың еңбегі зор. Біз қазір бірлігі бекем, түрлі ұлттар мен ұлыстар мекен еткен елде бақытты ғұмыр кешіп жатырмыз. Мұны әрбір баланың түйсіне білгені азаматтық.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444