Түркістан: Медициналық бұйымдардың бағасына кезекті зерделеу жұмыстары жүргізілді
Облыс орталығы Түркістан қаласындағы дәріханаларға дәрі — дәрмек бағасына кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг жұмыстарын «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мүшелері, «Түркістан — адалдық алаңы» Жобалық кеңсе менеджерлері мен арнайы мониторинг топ мүшелері бірігіп жасады.
Сондай-ақ, бұл жұмыстарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің және кәсіпкерлер палатасынан да өкілдер қатысты.
Зерделеудің негізгі мақсаты — дәріханалардағы медициналық бетперде және антисептиктердің халыққа қол жетімді бағада сатылуын қамтамсыз ету.
Зерделеу аясында дәріханаларда қалыпты сатылымдар жүргізіліп жатқаны байқалды. Дәріхана иелеріне бағаны негізсіз өсірмеу, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ұсыныстар берілді.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар басқада дәріханаларға мониторинг жүргізілетін болады.