ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІ ЕЛГЕ СЕРПІН ӘКЕЛДІ
Дәл қазіргі уақытта елдегі төтенше жағдай кезінде сабырлық сақтап, жақындарға қамқорлық танытып, санитарлық қауіпсіздік пен алдын алу ережесін сақтау барынша маңызды.
Ия, сын сағатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жасаған Үндеуін қолдаймыз. Үндеуде Елбасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы режім енгізуі және ел Үкіметінің жүзеге асырып жатқан шаралары коронавирус таралуы жағдайындағы ең дұрыс шешім екендігі атап өтті.Қазіргі ахуал және экономикалық дағдарыс елімізге салқынын тигізгенімен дер кезінде ауқымды жұмыстар қолға алынды. Үшінші мегаполисте әлемдік пандемияның алдын алу мақсатында әлеуметтік шаралар жүзеге асуда. Қазіргі таңда, азық-түлік пен қажетті тауарлар, медициналық тауарлардың тапшылығына жол бермеу үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Оған шырайлы қаламыздың кәсіпкерлері мейлінше қолдау жасағаны да қуантады. Күрделі жағдайдан жұдырықтай жұмылғанда ғана жол табарымыз анық.
Ендігісі, қиын кезеңде салғырттыққа салынбай, қолдан келгенше қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауымыз қажет. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» қауіпті індетті жеңуге бірге үлес қосайық!
Рәшкүл ОСПАНӘЛИЕВА, «Береке — А» корпорациясының басшысы