Бағдарламаның игілігін көріп отыр

ОҚО Мақтаарал ауданы, Ералиев ауылдық округіндегі «Хаят Р.У.Ж.» ЖШС-інің аяқ-киім фабрикасы Түркиядан алып келген жаңа қондырғысын іске қосты. Нәтижесінде фабрика өнімін 2 есе арттырып, жылына 1 миллион  жұп жаздық және қыстық аяқкиімдер шығаратын болады, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Келешекте кәсіпорын  импорт орнын басып, Қазақстан нарығын сапалы аяқ киіммен қамтуды жоспарлап отыр.  Индустриалды-инновациялық даму»  мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 кезеңде іске асырылған жобаға 675 млн теңге инвестиция тартылыпты. Бірінші кезеңі бойынша 36 адам жұмыспен қамтылып, Қытайдан әкелінген технологияда қысқы аяқ киім шығарыла бастаған.  «Бұл жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңға дейін кәсіпорынымыз жалпы құны  100 миллион  теңгені құрайтын 270 мың пар аяқ киім өндірді. Біз негізінен ішкі нарықты қамтамасыз етіп, импорттың орнын басуға тырысудамыз», — дейді «Хаят» ЖШС-ның директоры  Ұлықбек Ражапов. Ал, жобаның 2-ші желісін іске қосу үшін «Оңтүстік» АИО-нан 100 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржыға  Түркиядан аяқ киім тігетін жаңа қондырғы сатып алыныпты. Нәтижесінде кәсіпорында 50 адам жұмыспен қамтылып, межеленген 1 миллион жұп жазғы және қысқы аяқ киім өндіруге мүмкіндік туып отыр.  «Аяқ киім фабрикасының барлық инфрақұрылымдық жүйелері «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылды. Сондай-ақ құрылысқа қажетті қаражатты облысымыздағы инветициялық құрылымдар беріп отыр. Ендігі мәселе – тыңғылықты жұмыс істеп, ауданның экономикасына үлес қосу. Кәсіпорын басшылары егер сұраныс артса, фабрикамызды ұлғайтамыз деп отыр. Мұндағы қазіргі сұранысқа ие жазғы аяқ киімнің бағасы – 260-280  теңгеден босатылып жатыр.  Негізгі нарық — Оңтүстік Қазақстан  облысы мен Алматы  қаласы. Жазғы кебістердің сапасы да жаман емес. Сұраныс күн санап артып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444