ТҮРКІСТАН: БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН 2 ТЕМІРЖОЛ ҚЫЗМЕТКЕРІ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен жүзеге асырылған «Адал жол» жобасы шеңберінде «Түркістан-адалдық алаңы» Жобалық кеңсесі мен облыстық көлік бақылау инспекциясының қызметкерлері және арнайы мониторингтік топ мүшелері бірлесіп поездарда рейдтік шаралар жүргізді.

Рейдтік шара №7 «Саратов-Алматы» және №376 «Алматы-Орал» бағытындағы поездарында жүргізілді.
Шара аясында 20 техникалық бұзушылықтар анықталды.

Атап айтсақ, вагондарда люм жарықтарының істен шығуы, су резервуарларының істен шығуы және төсек жаймаларында арнайы мөр басылмаған.

Нәтижесінде жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзған механиктер Е.Т.Абдукаримовке және С.Медетбековке ҚР ӘҚБтК-нің 571 бабының 4 — бөлігімен әкімшілік айыппұл салынды.

Айта кетейік, «Адал жол» Жобасы аясында Департаментпен жолаушылардың құқықтарын қорғау мақсатында бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444