ШЫМКЕНТ: АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБТЫҢ БАСШЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы С.Мәжінбеков Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Штаб басшысы Штабтың құрылу мақсаты мен міндеттеріне, құрамына, бүгінгі кездесудің маңыздылығына тоқталды. Сәкен Мәжінбеков адамзаттың бойында әділдік, адалдық, парасаттылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлықты жоюға болатындығын жеткізді. Мемлекеттік қызметшілердің елдің дамуындағы, қоғамдағы рөліне тоқталып, қандай қиын жағдайлар болмасын адами құндылықтарды жоғалтпауға шақырды.
Сонымен қатар, жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің қалалық департаментінің, прокуратура өкілдері қатысып, «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылықтарды түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне немесе 1424 нөмірі бойынша CaII-орталыққа хабарласа алатындығы айтылды. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу қағидаларына түзетулер енгізілгендігі де назардан тыс қалмады.