«Қазақ ұлтына — мың алғыс» атты іс-шара өтті

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арнап оқырмандар арасында «Қазақ ұлтына — Мың алғыс» атты іс-шара өтті.
Іс- шараға кітапханамыздың көптеген белсенді оқырмандары қатысты. Алғыс айту күні қазақ тарихының сындарлы шақтарымен тығыз байланысты. Қазақ халқы қиын-қыстау заманды басынан өткізді. Бұрын-соңды болмаған зұлматты заман болды. Бұған қоса, тұтас ұлттың басына қара бұлт үйірілген шақта тілі басқа, діні бөлек қаншама ұлттарға пана бола білді. Тағдыр тәлкегіне түсіп, жан сауғалап, қазақ жерінен пана тапқан өзге ұлттар қазақ халқына шексіз алғысын білдіреді. Бүгінде олардың ұрпақтары Қазақстанды өз отаны деп біледі. Осынау кең байтақ даланы мұра етуіміздің бірден бір себебі Алла Тағала ата-бабаларымыздың дархан пейіліне берген болса керек.
Бұл мереке тарихымыздағы ең ауыр да, шешуші кезеңін ұмытпауға шақырады. Сонымен қатар, бұл мереке қазақ халқының дархандығы мен даналылығын көрсететін айтулы күн. Алғыс айту күні еліміздің азаматтары қазақ халқына алғыс айтуымен қатар баршамыздың өз ата-анамызға, бауырларымызға да қала берсе барша отандастарымызға алғыс білдіретін күн екенін ұмытпауымыз керек.

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444