ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТАРДЫ АШЫҚ ӘРІ КЕДЕРГІСІЗ ҚАБЫЛДАЙТЫН КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың халықпен тиімді кері байланыс орнату, Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару тапсырмасына орай, Абай аудан әкімі аппаратының бірінші қабатынан Open Spase жобасы аясында азаматтарды ашық, әрі кедергісіз қабылдау кеңсесі ашылды.

Аталған кеңседе қабылдауға келген тұрғындарға және көпбалалы аналардың балаларына арнайы бұрыш қарастырылып, ыңғайлы жағдайлар жасалған.

Кеңсенің басты қызметі Абай ауданы әкімі, орынбасарлары және аппарат басшысының күнделікті азаматтарға қабылдау жүргізіп, мәселелерін тыңдап, оларды шешу бойынша азаматтармен тиімді кері байланыс орнату болып саналады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444