ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ҚОҒАМ БАҚЫЛАУЫНДА

Кеше Шымкентте Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудың алғашқы күні басталды.

Тестілеу мегаполистің үш ірі жоғарғы оқу орындарында, атап айтқанда, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті мен Silkway халықаралық университетінде өтуде.

Бірінші күні тест тапсыруға өтініш білдіргендердің жалпы саны 2130-ды құрады, оның ішінде ОҚМУ– 650,ОҚМПУ-720 және Silkway университеті – 760.

Ұлттық тестілеудің барлық қатысушылары үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бақылаушылар ретінде 30-ға жуық қоғамның, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторингтік топтың өкілдері қатысты.

«Қоғамдық мониторингтің мақсаты тестілеуді тапсыру кезінде объективтілік, ашықтық және парасаттылық, сондай-ақ ұйымдастырушылардың да, талапкерлердің да тарапынан әділетсіздіктің кез келген көріністерінің жолын кесу болып табылады» — деп атап өтті «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев.

Бірінші күні бақылаушылар  тыйым салынған заттарды (ұялы құрылғылар мен шпаргалкаларды) пайдаланған орта оқу орындарының 57 оқушысын анықтап, олар емтихан тапсырудан шеттетілді.

Қалалық білім басқармасының мәліметі бойынша, 2019-2020 оқу жылында 11 сыныпты 8470 оқушы аяқтайды, олардың 60% — дан астамы ҰБТ тапсырады.

Айта кету керек, өңірдегі білім беру жүйесі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ерекше бақылауында.

Бұл бағытта парасатты жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған көптеген түрлі жобалар іске асырылуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444