ТҮРКІСТАН: ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІҢ ӨТУ БАРЫСЫ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

2020 жылдың 16-19 қаңтар аралығында еліміздің оқу орындарында Ұлттық бірыңғай тестілеуінің өтуі жоспарлануда.

Осы науқанның өту барысын адал әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында бүгін қалалық/аудандық білім бөлімдерінің басшыларын жинаған мақсатты жиын өтті.

Бұл келелі кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Ғ.Ө.Жүндібаев қатысып, алдағы күндері облысызда өтетін ҰБТ барысын қадағалау үшін бақылаушылар қатарында Департамент жанындағы Облыстық ақпараттық-ағарту Штабының, Облыстық, қалалық/аудандық арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Түркістан — адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің менеджерлері мен Департамент қызметкерлері қатысатынын айтты.

Айта кетсек, тестілеу 4 күн ішінде Арыс, Кентау, Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Қазығұрт, Жетісай, Ордабасы, Отырар, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандарында өтеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғам өкілдерімен бірге парасаттылық және адалдық қағидаттарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444