Шымкентте 30 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алмақ

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алудан 30 мыңнан астам отбасы ниетті. Құжаттарды қабылдау басталған күннен бастап, олардың 1500-і құжат тапсырған. Мамандар ай соңына дейін құжат тапсырушыларды толық қамтимыз деп отыр. Ол үшін қазір АӘК құжат қабылдау бөлімдерінде барлық жағдай қарастырылған. 80-ге жуық еріктілер келушілерге жол сілтеп, кімге қалай жолығу керектігін көрсетіп жүр.
Еске сала кетейік, мемлекеттік жәрдемақы нағыз мұқтаж жандарға беріледі. Өйткені, өткен жылы бұл көмекті әл-ауқатты отбасылар да алғандығы белгілі болған. Яғни 271 жанұяға ақшасын қайтару жөнінде хабарлама жіберілген. Биыл бұл олқылықтар қайталанбас үшін, жаңа бағыттағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін комиссия мүшелерінің құрамы күшейтілген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444