2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі
Аз қамтылған көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмектің негізінен үш түрі көрсетіледі. Жаңа атаулы әлеуметтік көмек отбасылық кіріске қарамастан барлық көпбалалы, яғни 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған, орта арнаулы немесе жоғары оқы орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі.
Ал, аз қамтылған отбасылардың балаларына – кепілді әлеуметтік топтама енгізіледі. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Оқушы балаларға мектепте тегін ыстық тамақ, күнделікті мектепке тегін барып-келу, мектеп формасы мен оқу құралды мемлекет есебінен беру жоспарланған. Егер көпбалалы отбасы жаңа жәрдемақыны ала отырып, аз қамтылған отбасы мәртебесінде қала беретін болса, ұсынылып отырған заң жобасына сәйкес, бұл жанұяға атаулы әлеуметтік көмек пен балаларына кепілді әлеуметтік топтаманы қамтитын көмек те тағайындалады. Отбасы мүшесі жұмысқа орналасудан бас тартса АӘК төленбейді.
Еңбекке қабілетті азамат жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда бүкіл отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылады. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ең басты шарт – отбасының жұмыс істеуге қабілетті мүшесінің жұмыс істеуі. Ол азаматтың жеке кәсіппен айналысуынада толық жағдай жасалады. Жеңілдетілген несие мен мемлекеттік грант ұтып алуына да болады.
#қайырымды_қала