МОНОПОЛИСТЕРГЕ 100 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН
«Бұл жыл ішінде келіп түскен 212 арыз бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижесі»- деп баспасөз брифингі барысында ҚР ҰЭМ ТМР комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Д. Кайнбердиев атап өтті.
Қазіргі таңда аталған сомманың 41,2 млн. теңгесі өндірілген. Сондай-ақ, Заңнаманы бұзушылықтарды тез арада жою туралы 35 нұсқама шығарылып, тұтынушылардан негізсіз алынған 286,6 млн.тенге қайтарылыпты. (газбен жабдықтау – 251,6 млн.тенге, жылу энергиясы бойынша – 34,7 млн.тенге, кірме жолдар бойынша – 331,5 мың тенге).