«Жусан» операциясы бойынша елге оралғандармен кездесу өткізілді
Шымкент қаласының «Право» қоғамдық қорының «ШАНС» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығы» мекемесінде «Жусан» операциясы аясында елге оралғандармен кездесу өткізілді.
Аталған іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы және психолог мамандары қатысты.
Кездесу барысында бейімдеу орталықтарында оңалтылып жатқан азаматшаларға теологиялық, психологиялық түсіндірме жұмыстары мен сауалнама жүргізілді.