ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ҮШІН БІРІНШІ БАСШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Бүгін Ақпараттық коммуникациялар орталығында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев  брифинг берді.

Брифинг барысында Талғар Серікбаев «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылықтарға тоқталды.

«Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты қызметкеріне қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті», — деді Талғар Серікбаев.

Оның айтуынша, бұдан былай, саяси мемлекеттік қызметкерлер –  министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудандар әкімдері олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда міндетті түрде отставкаға шығуға сұрану керек.

Ол қандай тұлғалар тікелей бағыныштылар ретінде қарастырылатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қол қойған Заңға сәйкес, басшылардың еңбек ұжымында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуының алдын алу жөніндегі міндеті енгізіледі. Бұл міндетті орындамау немесе тиісінше орындамау басшының тәртіптік жауапкершілігіне әкеп соғады.

Брифингте сөз алған Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев Жобалық кеңсемен атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.  

Енгізілген жаңалықтардың бірі жобалық кеңсе алаңында, қала әкімімен азаматтарды ай сайын қабылдау болып табылады.

«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен және қала әкімдігімен бірлесіп мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша open space форматында 32 мекеме жұмысын жүзеге асыруда.

100-ден астам мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары кабинеттерін ғимараттардың бірінші қабаттарына ауыстырып, жыл соңына дейін осы форматқа барлық денсаулық сақтау және білім беру мекемелерін көшіру жоспарлануда.

Білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ» жобалары жүзеге асырылуда.  

Полиция саласында Жобалық кеңсе ішкі істер органдарының ашықтығы мен есептілігі туралы жоспарды жүзеге асыруда. Бірлесе жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ашық тергеу кабинеттері ашылып, барлық қалалық полиция басқармаларында азаматтар үшін «фронт офистер» жұмыс істеуде.

«Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұсыныстары қалалық Полиция департаментімен қабылданып, жол қозғалыс ережесін бұзушыларды тоқтату барысында полиция қызметкері пара беру және пара алу заңмен қудаланатыны туралы алдын-ала ескертетін болды.

БАҚ өкілдері, блогерлер мен қоғам өкілдерін тарта Жол патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесе жеке құрам мен жүргізушілер арасында жүйелі түрде алдын алу жұмыстары жүргізіліп, «Адалдық жолында» брошюралары таратылуда.

Мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы байланысты орнатуға бағытталған «Ашық микрофон» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жерде пікірталас барысында Шымкенттің әлеуметтік-маңызды мәселелері көтеріліп, тиімді нәтижелерге бағытталған шешімдер шығарылады», — деп хабарлады Е.Төлебаев.

Сонымен қатар, Ол 8 орта мектепте, 5 ЖОО-да және 3 колледжде ашылған Парасаттылық мектептері туралы хабардар етті.

Шымкентте «Ізгілік елшісі» жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты – қоғамда парасаттылық пен адалдық, қайырымды істер жасау, ерлік қағидаттарын, сондай-ақ адамдарға көмек көрсету сияқты қарапайым өмірлік маңызды іс-әрекеттерді насихаттау болып табылады. «Ізгілік елшісі» (Акселератор добра) жобасының орталығы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті болып белгіленді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444