Қуыршақ және жасөспірімдер театрында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Қайырымды қала-Шымкенттің 2020 жылы — ТМД елдерінің мәдени астанасы аталуына орай, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Жаңарған, жаңғырған Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара өтті.
«Әнұраннан» бастау алған шарада «Cалалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетұлы алғашқы сөз кезегін алып, барша көрермен қауымды айтулы мерекемен құттықтай отырып, Елбасымыздың еліміздің дамуы мен мәдениет саласына қосқан ауқымды үлестерін ерекше атап өтіп, театр ұжымына да шығармашылық табыстар тіледі.
Ұлтымыздың кемеңгер данышпанына айналған білімді, өзінің ұстанған саясаты бар Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еселі еңбектері туралы слайд-шоу көрсетілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444