АИТВ инфекциясынан өлім және науқастану жағдайлары азаюда

АИТВ инфекциясының статусын білуге және терапия қабылдауға мүмкіндік беретін тестілеу тегін жүргізіледі. Бұл туралы Шымкент қаласындағы ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Маширов айтып берді.

АИТВ — жұқтырғандардың жас топтарына қарай жұқтырудың жоғары деңгейі  15-49 жас аралығында – 78,2%. 100 мың халыққа АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша шаққанда Шымкент қаласының көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен төмен және қала республика бойынша 8 орында. АИТВ инфекциясының жұғу жолдарының жаңа жағдайына талдау жасағанда гетеросексуалдық қатынастың жыныстық қатынас арқылы жолы басымдау екені анықталды – 77,4%, қан арқылы жұғу жолына – 15,3%. АИТВ-жұқтырған ерлердің үлесі 64,5%, ал әйелдер 35,5% -ды құрайды.

Бүгінгі таңда АИТВ-мен өмір сүретін 1189 адам антиретровирустық терапияны алады,  қамту – 82,3% құрайды. Антиретровирусты терапиясының қол жетімділігінің кеңейтілуі  арқасында АИТВ инфекциясынан өлім және науқастану жағдайлары азаюда. АРТ қабылдаушылардан вирус жұғу қаупі төмендеді. АИТВ-на тестілеу АИТВ статусын білуге және терапияны алуға  мүмкіндік береді, АИТВ инфекциясына тестілеу және емделу тегін жүргізіледі. Жүкті әйелдерде  АИТВ жұқпасын уақтылы анықтауға және анадан балаға берілу жолдарын алдын алуға көмегін тигізуде. Жалпы алғанда, АИТВ-позитивті жүкті әйелдерден өңір бойынша 296 бала дүниеге келді. Оларда АИТВ — инфекциясы анықталған жоқ. «АИТВ+туберкулез» Жаһандық Қорының жобасын іске асыру шеңберінде негізгі тұрғылықты жері бойынша ем алуға мүмкіндігі жоқ 7 шетел азаматын емдеу жүргізілуде, оның ішінде 4 — бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдар, және 3 – туберкулезге қарсы диспансерде емделуде.

Бүгінгі таңда алдын алу іс-шараларымен медицина қызметкерлері, студенттер  мен оқытушылар, бизнес-құрылымдар ғана емес  халықтың осал топтары (ИЕТТ – 3673 (иньекциялық есірткі тұтынушы тұлғалар), СҚ (секс қызметкері) – 2983, бас бостандығынан айрылғандар – 3104, ЕЖЕ (еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер)  – 431 адам) қамтылуда.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444