«Дәрігер-реаниматологтардың жалақысын 500-600 мыңға дейін жеткізу керек»,- деді министр

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, елімізде медицина саласына бөлінетін қаражат көлемі артады. Мәселен, биыл бұл салаға 1,2 трлн теңге бөлінсе, келер жылы бұл қаражат көлемі 1,5 триллион теңгені құрайды. Сол қаражаттар есебінен дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы өседі. Шымкент қаласындағы сапары кезінде перинаталдық орталықтың жұмысымен танысқан министр бас дәрігерге маман тапшылығын жою үшін, дәрігерлердің жалақысын көтеруді ұсынды.

«Дәрігер-реаниматологтың жалақысы 300 мың болса, бұл сомманы 600 мыңға дейін көтеріңіз. Қажетсіз шығындарды азайтыңыз. Сол қаражатты жетіспей жатқан мамандарға төлеңіз. Дәрігер-реаниматологтардың жалақысын 500-600 мыңға дейін жеткізу керек»,- деді Елжан Біртанов. Министр сондай-ақ, ана мен бала денсаулығын нығайтуға арналған бірқатар шараның барысына тоқталды. Елжан Біртанов перзентхана басшылығына емдеу барысындағы жоспарлардың орындалу барысын қадағалауды қатаң тапсырды. Айта кетейік, қалалық перинаталдық орталықта жылына орташа есеппен 8 мыңға тарта сәби дүние есігін ашады. Бұл перзентханада көбіне мерзімінен бұрын шақалақтар дүниеге келеді. Бүгінде медициналық ұйымда 400-ден аса медициналық қызметкер жұмыс атқарады. Министр сапары барысында қаладағы кариологиялық орталық пен онкологиялық ауруханаға да барып, дәрігерлермен кездесті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444