ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИДАДА ЕҢ МЫҚТЫ ДЕП ТАНЫЛҒАН КОМАНДАЛАР

23 — маусым Мемлекетік қызметшілер күніне орай, Департаменттің және Облыс әкімдігінің бастамасымен өңірдегі мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың 5 түрінен, яғни шағын – футбол, волейбол, арқан тарту, суда жүзу және үстел теннисінен Спартакиада өтті.

2 күнге созылған жарысқа мемлекеттік органдардан құралған 32 командадан 500-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысып, спорт ойындарында өзара бақ сынады.

Қызықты, әрі тартысқа толы ойын жеңімпаздар арасында өткен суперфиналда болды.

Өз топтарының арасында жалпы Спортакиада ойындарында қарсылас шыдатпаған жеңімпаз командалар, 1 орын — Статистика департаменті, 2 орында — Сайрам ауданы, ал 3 орынды — Түркістан облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне бұйырды.

Спартакиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев арнайы қатысып, барлық қатысушы командаларға өз атынан алғыс білдірді.

Байқау қорытындысымен жүлдегер командалар және үздік ойыншылар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен мараппатталды.

Сондай-ақ, турнирді ұйымдастыруда белсенділік танытқан бірқатар спорт саласының үздіктеріне арнайы номинациялар берілді.

Спорттың 5 түрінен жеңімпаз деп танылғандар:

Волейбол жеңімпаздары: 1 орын — Бәйдібек ауданы, 2 орын — Статистика департаменті, ал 3 орын – Түркістан облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы.

Суда жүзу жеңімпаздары:

Қыздар арасында: 1 орынды — Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2 орынды Түркістан облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, ал 3 орынды Сайрам ауданы әкімінің аппаратыиеленді.

Ұлдар арасында: 1 орын — Түлкібас ауданы әкімінің аппаратына, 2 орын — Түркістан қаласы әкімінің аппаратына, ал 3 орынТүркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне бұйырды.

Шағын футбол жеңімпаздары: 1 орын — Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті, 2 орын —Түркістан қаласы әкімінің аппараты, ал 3 орын — Түркістан облысы әкімінің аппараты және облыстық қаржы басқармасынабұйырды.

Үстел теннис жеңімпаздары: 1 орын — Сайрам ауданы, 2 орын — Статистика департаменті, ал 3 орын – Түркістан облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.

Арқан тарту жеңімпаздары: 1 орын — Төлеби ауданы, 2 орын — Статистика департаменті, ал 3 орын – Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *