БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2019 жылдың 15 наурыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Шымкент қаласы бойынша департаменті білім саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу қалалық №12 орта мектептің ғимаратында өтіп, оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы М.Қарымсақов, департамент басшысының орынбасары К.Қабылбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Е.Жұмабаев, қалалық білім басқармасының басшысы А.Абылайхан және мектеп ұжымы қатысты.

Отырыстың мақсаты – білім саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сонымен қатар, заңсыз ақша жинау, мектептерде жұмысқа орналасу үшін пара беру мәселелерін талқылау. Сондай-ақ, соңғы уақытта мектеп ұжымы мен ата-аналарды толғандырған мектептің бұрынғы директорының мәселесі де қаралды.

«№12 мектептің бұрынғы директорына келетін болсақ, қылмыстық іс қылмыс құрамының дәлелденбеуіне байланысты тоқтатылғанымен, оның шеңберінде анықталған басқа да заңбұзушылықтар бойынша тиісті ұсыну енгізіліп, оның негізінде қалалық білім басқармасы басшысының бұйрығымен мектеп директоры жұмыстан босатылды» — деді Ұлттық бюро департаментінің басшысы М.Қарымсақов.

Оның айтуынша бүгінгі іс-шараның мақсаты жемқорлық әрекеттердің алдын алу, еліне жеріне патриот адал азаматтарды тәрбиелеуде бірлесе жұмыс жасау.

Кездесу барысында азаматтармен тиімді кері байланыс орнату мақсатында Департаменттің memkyzmet.kz сайтында арнайы «Білім» айдары ашылғанын,  +7 702 201 51 51 нөмірі бойынша WhatsApp мессенджер жұмыс істеп тұрғанын мәлімделді.

Іс-шара соңында мұғалімдер тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444