Түркістан облысында тоқыма өндірісі өркендеп келеді

Түркістандық кәсіпкерлер Жолдауда жария етілген «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылуын құптайды, деп хабарлайды «Хабар 24». «Себебі өндірісті өркендетуге қаржы көптеп бөлінсе, сәйкесінше, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік мол болар еді», – дейді іскер топ өкілдері. Мегаполисте текстиль саласын жандандырған кәсіпорынның тауарлары қазір шетел асуда. «Алайда отандық өнімге мемлекеттік тапсырыстың жоқтығы көңіл құлазытады», – дейді сала мамандары. Түркістан облысында  таза мақтадан тігілген маталар мен бұйымдар шетелге шығарылып жатыр. Қаладағы тоқыма кәсіпорны ақ алтынды егуден бастап, дайын өнімге дейін арадағы технологияны өздері атқарады. Басты ерекшелігі, даладан жинап алынған мақта талшығын өздері өңдейді.Тоқыма цехында мақтадан тоқылған қатты сұр мата әрі қарай боялып, одан түкті бұйымдар жасалады.Түрлі халаттар мен қол орамалдар,төсек орын жаймаларына дейін осында дайындалады. Ал бұл жетістікке кәсіпорын мемлекет қолдауының арқасында жеткен. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен қаржы алған өндіріс орны тіпті, экспортқа бағдарланған өндірісті қолдау бағдарламасы аясындағы субсидия алған. Берік Қыдырәлиев, серіктестік директоры: – Осы бағдарлама шеңберінде біз 2,5 миллиард теңге қолдау көрдік. Бұл қолдаудың арқасында кәсіпорнымыз орнынан тұрып, жұмысын іске асырып жатыр. Өнімнің барлығы осы кәсіпорыннан. Отандық өнім. Экспортқа да, отандық нарыққа да шығарамыз.Түркістан облысында шығатын текстиль өнімдерінің құны шетелдікінен әлдеқайда арзан. Шикізат жергілікті жерде өсетін болғандықтан, бағаға да әсер етеді. Бұл – еліміздегі толық жұмыс істейтін өндірістік циклі бар жалғыз тоқыма комбинаты. Серіктестікте 465 адам жұмыс істейді. Үсен Исаев, кәсіпкерлік және индустриалды иновациялық даму басқармасының бөлім басшысы: – «Бизнестің жол картасы-2010» жылдан бері Елбасының бастауымен іске асырылып келеді. 40 миллиард теңге көлемінде инвестицияны құрайтын 180 жоба мақұлданып, соларға бүгінгі күнге дейін қолдау көрсетіліп келеді. Бағдарлама шеңберінде 400-ден астам кәсіпорын осының қолдауын сезініп келеді. «Бизнестің жол картасы» шарапатын көріп отырған кәсіпорындардың бірі – Өскемендегі өнеркәсіптік жабдықтарды шығару зауыты. Аталған кәсіпорын құрылыс пен инфрақұрылым, машина жасау, энергетика, металлургия, тау-кен және мұнай химиясы өнеркәсібі салаларында инжинирингтік қызмет көрсету ісіне маманданған. Құбыр жүргізу барысында қолданылатын түрлі арматуралар да осы жерден шығарылады. Бүгінде Қырғызстан мен Өзбекстан сияқты мемлекеттердің нарығын да бағындыруда. Зауыт ісінің ілгерілеуіне «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы айырықша қарқын беріп келеді. Соңғы 4 жыл ішінде аталған кәсіпорын бұл жоба бойынша жалпы 600 миллион теңге несие алған. Александр Тимошков, зауыттың техникалық сұрақтарын өңдеу қызметі жетекшісі: – Бұл несие өндіріс орнын жаңғыртуға үлкен мүмкініктер берді. Сәйкесінше, кәсіпорын қуаттылығы да біршама артты. Сонымен қатар шығаратын өнім түрлерін де көбейтіп, нарықта бәсекелестік қалыптастырдық. Қазір мұндағы жұмыс кезеңдеп автоматты жүйеге ауысуда. Әзірге байқап көру үшін роботтандырылған алғашқы кешен орнатылды. Жыл соңына дейін тағы үшеуін орнату жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444