Жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді
Елбасы жолдауын шалғай ауыл-аймақтағы ағайын ерекше ықыласпен қабыл алды. Қоғамдағы өзекті мәселелердің шешіміне арналған мемлекеттік маңызды құжаттты халық қолдап отыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Бұған Сарағаш ауданына арнайы барған насихаттық топ көз жеткізіп қайтты. Шағын және орта кәсіпкерлік қарыштап дамыған аудан жұртын биліктің бизнеске деген ықыласы қуантып отыр.
Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды. Түркістан облысына да тартылған инвестиция көлемі аз емес. Бұл қаржы ел экономикасының өсуіне оң ықпал етті. Әсіресе шағын және орта бизнес мемлекетіміздің барлық аймақтарнда қарыштап дамуда. Сарыағаш ауданында жылыжай бау шаруашылығы қарқынды дамып өңір бюджетіне сүбелі үлес қосуда. Құркелес ауылдық округінде мемлекет басшысының жолдауындағы басым бағыттар, алдағы міндеттердің айқындығы айтылды.
Бақытжан Әшірбаев – Облыстық ақпараттық -насихаттық топ мүшесі
Елбасы Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды.Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. Бұл жаңалыққа таңнан кешке дейінгі уақытын мемлекеттік жұмысқа арнайтын ұл-қыздары бар қариялар қуануда. Ұрпағының еңбегі ескерілгеніне дән риза.
Еламан Алтаев – Құркелес ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы
Жиынға келген жұртшылық өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, Елбасы жолдауындағы ілкімді істерді жүзеге асыруға жұмыла кірісуге бекініп отыр. Көптен қолдау тапқан маңызды шару жолында Сарыағаш ауданының жастары да белсенді. Өңіріміздің аймақтарын аралаған насихаттық топ сарыағаштықтардың ерекше ықыласын аңғарып қайтты.
К. Дүйсенбі