Тірлігі түзу ауыл…
Түркістан облысына қарасты Келес ауданы Жүзімдік ауылдық округінде үстіміздегі жылы ауыл округіндегі 4 елді мекен бойынша табиғи газ құрылысы аяқталып ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда. Жүзімдік, Ақсу елді мекендерінде мемлекеттік бағдарлама бойынша электр жүйелерінің (трансформатор, бағаналар, желілер) құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Жүзімдік ауылындағы ескірген электр жүйелері «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС мекемесінің 2017-2021 жылдарға арналған инвест жобасына енгізіліп, кезең-кезеңімен жаңғыртылып жатыр. Ауыл округінің орталығы Жүзімдік елді мекенінде 2015 жылы жер асты су қорын анықтау жұмыстары жүргізілген болатын. Анықтау жұмыстарының қорытындысы негізінде үстіміздегі жылы ауыз су құрылысы жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оңтүстік, Жүзімдік елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-21 облыстық бюджет арқылы орта жөндеуден өткізілді, жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ аудандық маңызы бар Жүзімдік- Ақсу жолының 6 шақырымын орта жөндеуден өткізу жоспарланып, «Нұрлы жол-7» ЖШС үстіміздегі жылы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Шекара маңындағы Ақсу елді мекенінен үстіміздегі жылдың ақпан айында модульдік дәрігерлік пункт және 200 орындық мектеп салынып ел игілігіне пайдалауға берілді. Сондай-ақ Ақсу елді мекеніне табиғи газ тартылып, электр жүйелерінің құрылысы жүргізілді. Кәсіпкерлік саласы бойынша ауыл округінде заманауи үлгідегі 4 балабақша бой көтеріп, қазіргі таңда 94 адам жұмыспен қамтылып, 547 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Нәтижеде ауыл тұрғындарының балалары балабақшамен толық қамтылып, ауыл округінде «Балапан» бағдарламасы орындалып отыр.
Демеушілердің, сондай-ақ ауыл тұрғындарының қолдауымен Жүзімдік ауылынан «Көбей ата» мешіті салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар қонақүй, 70 орындық дәмхана құрылысы жүргізілуде. «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» аясында, «Туған жерге тағзым» бағытында, «Атамекен кіші» бағдарламасы бойынша ауылдан шыққан кәсіпкерлер тарапынан заманауй үлгідегі стадион, дәріхана, мебель шығаратын цех құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі