Қызметтік тұрғын үйлер салынуда

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы көлемінде 632 млн. 320 мың теңгенің құрылыс — монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Атап өтетін болсақ,  аудандық бюджет есебінен 417 178 млн. теңге қаржыға Балдысу елді мекеніндегі 100 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде. Нысан 2018 жылдың күз айында пайдалануға берілетін болады.  Аудандық бюджет қаржысы есебінен Құмкент ауылындағы спорт комплекс ғимаратын қайта құру құрылысы, қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигон құрылыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар алдағы уақытта іске асырылатын жобалар: Шолаққорған ауылының бас жоспары бойынша қазіргі аумағы 1500 гектар болса, келешекте 700 гектар қосылып, жалпы аумағы 2200 гектарға ұлғаяды. Шолаққорған ауылынан жаңадан салынатын көп қабатты тұрғын үйлердің егжей-тегжейлі жобасы бойынша: аудан орталығынан салынатын спорт сарайы; 3 қабатты 54 пәтерлі тұрғын үй; 2 қабатты 10 пәтерлі тұрғын үй; 1 қабатты тұрғын үйлер; 2 қабатты тұрғын үйлер; 300 орындық мектеп құрылысы; 600 орындық мектеп құрылысы. Аудан көлемінде 4 медициналық пункттің құрылысы жүріп жатыр  (Ақсүмбе, Балдысу, Шаға, Раңата). Созақ ауылында №1 кәсіптік колледждің  құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Шолаққорған, Созақ ауылдық округтерінде бюджеттік қызметкерлерге арналған қызметтік тұрғын үйлер салынуда. Барлық құрылыс бітіп пайдалануға берілетін күн де таяу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444