Саумалмен емдейтін орталық ашпақ

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы, Қоғалы ауыл округi мал ұстауға да, егін салуға да қолайлы. Ауылда шаруа қожаықтары көп. Көксәйек ауылында орналасқан «Фудмастер»ЖШС-нің жақын орналасқаны да ауыл тұрғындарына тиімді. Көбісі сонда сүт өткізеді. Алшалы ауылының тұрғыны Перизат Оразбаева да бүгінде мал басын көбейтіп, осы серіктестікке қысы жазы сүт өткізеді. «Ырыс» микрокредиттiк ұйымынан  үш рет несие алып, мал санын арттыруда. Қазiргi таңда 104 iрi қараны күтіп баптап отыр. Алдағы уақытта мал басын көбейту де жоспарында бар. Кәсіптің көзін таба білген іскер жан бүгінде ауылдықтарды да жұмыспен қамтып отыр. Бұдан бөлек, осынау екi жарым гектар жерде мал шаруашылығынан басқа, бау да өсiрiлуде. Жаңғақ, алма, айва, қара өрiк дейсiз бе, бәрiн өсіруде. Тек сүт сатумен ғана шектеліп қалмай қой өсірумен де айналысады. Табиғаты ерекше таулы ауылда бие сүтін сауып саумалмен емдейтін орталық ашуды да жоспарлап отыр. Қарап отыруды жаны сүймейтін кәсіпкер өз  кәсібін де дөңгелетіп, ауылдықтарға да напақа тауып беріп отыр. Алға қойған жоспарлары да көп.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444