Жиһаз және сабын өнімдерін өндіруде

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төлеби аудандық филиалының қызметкері С.Нурсейітовтың және Киелітас ауылдық округі әкімі аппаратының кәсіпкерлік саласының бас маманы Ж.Маменовтың ұйымдастыруымен Киелітас ауылдық округі Достық елді мекені Астана көшесінде орналасқан жеке кәсіпкер К.Абжаппарованың «Ақниет» кафесінде округ кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел  өтті. Жиналысқа Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері тарапынан несие алудың және кәсіпкерлерге сервистік қызмет көрсетудің жаңа үлгілерін насихаттау, автоматтандырылған жүйемен қалай жұмыс жасау керектігін үйрету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінде Төле би ауданының түкпір түкпірінде орналасқан ауыл аймақта кәсіпкерліктің көрігін қыздырып отырған іскерлер жетерлік. Түрлі салада тер төгіп жүрген іскерлер аудан экономикасын дамытуға сүбелі үлес қосуда. Ленгер қаласында орналасқан «Ленгер машина жасау зауыты» ЖШС-і жиһаз және сабын өнімдерін өндіруде. Жиһаз өнімдерінен үстел, орындықтар жасап шығаруда. Серіктестіктің өнімдеріне бүгінде сұраныс артып отыр. Ленгер қаласында орналасқан «Lenger textile» ЖШС арнайы жұмыс киімдерін шығаруда. Мұнда 50-ден астам жұмысшы нәпақа тауып отыр. Қыстық, жаздық арнайы жұмыс киімдерінің сан алуан түрін шығарады. Әрі сапалы, әрі бағасы да қолжетімді. Өңіріміздегі түрлі сала қызметкерлері арнайы киімге сұранысты арттырып отыр.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444