Толық қамтамасыз етілмек
Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жыл жылжыған сайын артып келеді. Бүгінде ауылдарды ауыз сумен, газбен қамтамасыз ету қарқынды түрде жүргізілуде. Аудан көлеміндегі елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары 2 бағытта жүргізілетін болады. №18 Шалдар АГТС-нан 37 елді мекендер табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. Атап айтқанда: (Шалдар, Бекбау, Екпінді, Жиенқұм, Сарқырама, Жамбыл, Жүзімдік, Қызылжар, Тасқұдық, Шыбыт, Шақпақ, Қазата, Таңатар, Ағыбет, Алғабас, Жаңаталап, Жұлдыз, Кеңестөбе, Бірлік, Ынтымық, Алмалы, Жарықбас, Бәйдібек ата, Ақбастау, Жолғабас, Кеңес, Тұрақты, Қаратас, Теректі, Мыңбұлақ, Ақбұлақ, Бестоғай, Қайнарбұлақ, Қосбұлақ, Мәдениет, Нұра, Шаян елді мекендері). №20 Көмешбұлақ АГТС-нан 13 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету. Оның ішінде бірінші кезекте Боралдай елді мекені газдандырылады. Атап айтқанда: (Боралдай, Амансай, Жоғарғы-Боралдай, Жыланды, Ақжар, Сарыбұлақ, Тайманов, Талап, Түйетас, Ақтас, Кеңсай, Қошқарата, Шұқыршақ елді мекендері). 8 елді мекенді (Ақбастау, Боралдай, Екпінді, Шалдар-Бекбау, Сарқырама, Жамбыл, Тасқұдық, Шыбыт) табиғи газбен қамтамасыз етуге қаржы бөлініп отыр. Оның ішінде: Ақбастау, Боралдай, Шалдар-Бекбау, Жамбыл елді мекендерінде жүргізіліп отырған құрылыстар 2018 жылға ауыспалы болып, осы жылдың аяғында пайдалануға берілетін болады.