25 кооператив құрылды

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында мал шаруашылығының өнім көлемі  114,3 пайызды (5806,8 млн теңге) құраса, өсімдік шаруашылығының өнім көлемі 55,3 пайыз болды (86.4 млн  теңге). Ауыл шаруашылығы жұмыстарын жандандыру мақсатында 2017-2018 жылдары ауданда 25 кооператив құрылды. Оның ішінде «Арыстанды KZ» кооперативі мен «Құбылай» кооперативтері молдульді сүт қабылдау бекетін алып, жұмыс жүргізуде.  Ауданда етті бағыттағы 3 қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой шаруашылықтары («Ержан», «Бердібай», «Қуаныш» шаруа қожалықтары) мен асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылықтары («Байтах» өндірістік кооперативі, Жеке кәсіпкер «Алшынбаева», жеке кәсіпкер «М.Назарбаев», жеке кәсіпкер Н Сихимбаев) жұмыс жүргізуде. Биылдан бастап репродукторлық шаруашылықтар төлдерін сатуды бастайды. «Ауданның 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» бағдарламасына сәйкес ауданда егістік жерді игеру жоспары 91,7 мың га болса, нақты 94,3 мың га (1102,8%) игерілген. Өткен 2017 жылы егістік жер көлемі 90,1 мың гектарды құраған болатын. 2017 жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда үстіміздегі жылы егістік жердің көлемі 104,6 пайызға немесе 4,2 мың гектарға артық игерілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444