Экономикалық дамуын көтеретін – ол кәсіпкерлік

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының ХХХІІ конференциясына қатысты.

Ең алдымен Н.Жолдасов жаңадан құрылған ауданының экономикалық ахуалымен танысу үшін «Мақтаарал» индустриалды аймағындағы «Береке-ММА» мақта өңдеу зауытына барды. Индустриалды аймақтағы іске асып жатқан өндіріс орындарымен таныстырған аудан әкімі Бақыт Асанов өңірге инвестиция тарту үшін көптеген жобалар жасалып жатқандығын атап өтті.

«Кез келген ауданның, аймақтың, тіпті тұтас мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын көтеретін – ол кәсіпкерлік, оның ішінде өнеркәсіп саласы. Бұл ретте іріленген Мақтаарал ауданының индустриалды аймағы – бізге мұра боп қалып отыр. Ағымдағы жылы Мақтаарал ауданының индустриалды аймағында 1 жоба, келесі жылы 2 жоба, арғы жылы тағы 1 жоба іске асырылып, 200-ден астам адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылатын болады. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданында асфальт-бетон зауыты, полиэтилен өнімдерінің және медициналық мақта өнімдерінің өндірісі, сондай-ақ темірді қайта өңдеу өндірісі іске аспақшы. Облыс бойынша мақта шикізатының 70 пайыздан астамы Мақтаарал және Жетісай аудандарына тиесілі болғанымен, өңірде шикізатты әрі қарай дайын өнімге айналдыратын кәсіпорындар жоқтың қасы. Бұл ретті біздің индустриалды аймақта тоқыма кластеріне, сондай-ақ мақтадан дайын өнім жасайтын басқа да жобаларды қолға алатын боламыз» — деді аудан әкімі Бақыт Нәсірханұлы.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444