Үлкен мүмкіндіктер ашылды
Қазақстанның ішкі туризмі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22% -ға артып, 4,1 млн. адамды құрады. Ішкі туризм 7% -ға, 2,6 млн. адамға артты. Айта кетейік, Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында тұңғыш рет туристік салада рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. Мұндай статистиканы «Атамекен» ғылыми-өндірістік кәсіпорны қолдаған «Түркістан облысында туризмді дамыту перспективалары» атты дөңгелек үстелге қатысушылар бөлісті, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.
Туркістан облыс орталғына айналып, ал Шымкент республикалық қала атанған күннен бастап, кәсіпкерлер үшін туризм саласында үлкен мүмкіндіктер ашылды. Өңірде туризмді дамытудың жобасы бар, онда бай мәдени және рухани мұра маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, 4Е – Eco – Ethno tourism, Entertainment, Events концепциясы құрылды.
РАШИД КҮЗЕМБАЕВ – «KAZAKH TOURISM ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
Біз туристтердің Қазақстанда туризимнің қай бағытына қызығатынын білеміз. Туристтерді Қазақстандықтардан ғана емес, шетелден де тарту үшін біршама жоспарларымыз бар. Біз 4E тұжырымдамасын әзірледік. Қазақстан табиғаты мен, өте бай тарихы мен, дәстүрлерімен ерекшеленеді. Бұдан басқа, бизнестік туризм дамып келе жатқан Астана мен Алматы тұрғындары үшін өте күшті туристік бағыттар бар…
Қазақстан туризмінің даму потенциалы жоғары. Елде бірегей табиғи-географиялық ерекшеліктер бар. Әсіресе, ежелгі тарихымен және бай мәдениетімен танымал Түркістан облысында туризмнің түрлі саласын дамытуға мүмкіндік мол.
ЕРБОЛ ТАСЖҮРЕКОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біз өзіміз үшін Түркістан аймағын дамытудың стратегиялық бағыттарын анықтадық. Олардың бірі — туризм. Өздеріңіз білесіздер, туризм — көлік, қонақ үйлер, мейрамханалар, азық-түлік және қызмет көрсетумен айналысатын экономиканың барлық салаларын қамтитын көлденең бағдар. Сондықтан біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасына, Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасына сәйкес нақты жоспар жасадық.
Сонымен қатар, кездесу барысында туризм саласын дамытудың алдағы жоспары, сондай-ақ негізгі проблемалар мен оларды шешу жолдары талқыланды.
РАШИД КҮЗЕМБАЕВ – «KAZAKH TOURISM ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
Ең басты проблемалар — көлікке қолжетімділік мәселелері. Біз Қазақстанның кейбір туристік көрнекті жерлерге жақын емес екенін білеміз. Қазір біз Ресей мен Қытай бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені біз шекараласпыз. Біз Еуропаның, АҚШ-тың, Парсы шығанағының және Оңтүстік-Шығыс Азияның, тіпті Кореяның нарығына әлі де мүдделіміз. Бірақ біздің күшіміз жеткіліксіз екенін түсінуіміз керек. Мұнда мәселені кешенді шешу қажет. Бұл деген тікелей рейстер болуы керек, авиабилеттердің құны өте қолжетімді болуы керек және осы үшін жаңа компаниялар нарыққа шығуы керек. Жол және ең маңызды жол инфрақұрылымын дамыту жоспарланып отыр. Өйткені, бәріміз түсінеміз, бізде көптеген қателіктер бар, олар жол бойында….
Жиын соңында сала мамандары жаңа бизнес-жобаларды таныстырды. Сондай-ақ, оларды инвестициялау арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ