Мол өнім, таза табыс
Жетісай ауданына қарасты Шаблан Ділдәбеков ауыл округінде егістік жер көлемі 5450 гектарды құрайды. Оның 3120 гектарына мақта дәні себілсе, 96 гектарына қауын, 1229 гектарына қарбыз, 189 гектарына жүгері, 592 гектарына жоңышқа, 40 гектарына қырыққабат егілген. Аталған өнімді еккен шаруалар ауыл шаруашылығы алқаптарын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Цифрландыру жұмыстары 65 пайызға орындалып отыр. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімі Жамантай Бейсенбаевтың округ халқымен кездесуінде белгілі болды. Жиын барысында ауыз су, газ, жол, спорт алаңшалары туралы да кеңінен әңгіме қозғалды. Округ көлемінде елдімекендер бойынша 100 көше болса, 2017 жылы соның 6 ауылындағы 12 көшеге асфальт төселген. Ал биыл жергілікті бюджет есебінен Жамбыл елдімекеніне кіреберіс 940 метрді құрайтын көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл мақсатқа 45 455,0 мың теңге бағытталған. Сондай-ақ, Достық ауылына қарасты ұзындығы 880 метрді құрайтын Мамытқожа көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүріпті. Бұдан бөлек, округ бойынша жалпы ұзындығы 20,3 шақырымды құрайтын 28 көшені орта жөндеуден өткізу үшін сметалық құжаты жасалып, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсынылған.
Округ көлеміндегі 13 елдімекеннің 11-інде табиғи газ жүйелері тартылып, қазіргі таңда 8 елдімекен табиғи газ пайдалануда. Кездесуді қорытқан аудан әкімі көтерілген мәселелерді дер кезінде шешу үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Орындалу барысы қадағалауда болады.
Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі