Құрыш қолды құрылысшылардың ерен еңбегi

Бүгінде Түркістан қаласында бiлiм саласы бойынша 11 жоба жүзеге аспақ. Бүгiнде бұл 11 жобаның жобалық сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Олар Шаға ауылдық округi Қазақстанның ХХХ жылдығы елдi мекенiнде 120 орындық балабақша, Оранғай ауылдық округiнде 150 орындық мектеп, Отырар мөлтек ауданында 2018 жылы 900 орындық мектеп құрылысы басталады. Қарашық жалпы орта мектебiне қосымша 250 орындық мектеп, Бiрлiк елдi мекенiнен 250 орындық мектеп, №14 жалпы орта мектебiне қосымша 225 орындық мектеп, Әл-Фараби атындағы №10 жалпы орта мектебiне спорт зал салу қолға алынуда.Сондай-aқ, Отырар мөлтек ауданынан 1000 орындық мәдениет сарайы, спорт саласы бойынша Отырар мөлтек ауданынан 2000 орындық спорт кешенiн салу көзделуде. Бүгiнде құрылысшыларымыз осындай ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруда. Қасиеттi қаланың ауқымы кеңейiп, қаншама құрылыс нысандарының бой көтерiлуi құрыш қолды құрылысшылардың ерен еңбегi деп бiлемiз. Қала көлемiнде осындай игiлiктi iстердi атқарып жатқан құрылысшыларды алдағы келе жатқан төл мерекелерiмен құттықтап, келешектеқаланың көркеюiне өз үлестерiн қоса бередi деп сенемiн.

А.ИСРАЙЛОВ,

қалалық құрылыс бөлiмiнiң басшысы.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444