Инфрақұрылымға қомақты қаражат қаралды
Экономиканың даму көрсеткішін ауыл, аудандардың аббаттандырылуынан, көріктендірілуінен де байқалса керек. Бүгінде Төле би ауданы толықтай инфрақұрылмдаудан өткізілуде. Қамтылмай қалған ауылдар алдағы уақытта жоспарланып отыр. Аудан бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйесі көгілдір отын арқылы және автономды жылыту жүйелерімен жылытылады. Сондай – ақ, аудандағы бюджеттік мекемелердің қатты отынға қажеттілігі 9 156 тонна жоспарланып, толығымен жеткізілді.Ленгір қаласындағы бірінші мөлтек ауданындағы қалалық аурухана, 3 тойхана,1монша, 3 сауда нүктелерінің және 13 көп қабатты тұрғын үйлердің шайынды сулары №3 кәріз су қоймасына құйылған. 2017 жылы пайдалануға берілген 8 бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлердің шайынды сулары аталған кәріз қоймасына қосымша құйылуда. Шайынды сулар көлемінің көбейуіне байланысты мәселені ішінара шешу үшін, су жинақтайтын қойма қосымша пайдалануға берілді. Аталған мәселені күрделі шешу үшін аудандық бюджет есебінен 21,0 млн теңге қаржы қаралып, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.Сондай – ақ, 2018 жылы Ленгер қаласы 1 мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесі құрылысына жоба – сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 8,3 млн теңге қаржы қаралды.