Кәсіпорындарға жасалар жеңілдік көп

Түркістан облысындағы өзге аудан, қалалар сияқты Кентау қаласында да индустриялық аймақ құрылған кезінде.  Аталған аймақ 25 гектар аумақты алып жатыр. Индустриялық аймақтың 4,3 гектарына инфрақұрылым жүргізілген. Осында өнім өндіретін кәсіпорындарға барынша жағдай жасалған. Коммуникация желілерін жүргізу үшін 1,4 миллиард теңгедей жұмсалды. Оның 930 миллионына шағын электр станциясы салынған. Соның арқасында индустриалды аймақт электр энергиясы 30 пайыз арзан. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге көп жеңілдік болатыны сөзсіз. Кентаудың индустриалды аймағындағы жарықтың бағасындай баға еліміздегі ешбір аймақта жоқ. Бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік бағасының төмен болуына да әсер ететіні анық.

Мұнда электр қуатының 1 киловаты – 16 теңгеден. Одан бөлек 517 миллион теңгеге ішкі жол, электр желілері, ауызсу, телефон, ирригация, кәріз жүйелері толық жеткізілді. Коммуникация жүргізілген аймақта бүгінде 5 жоба жүзеге асырылған. Бүгінде аталған жобаның  екеуі толық қуатында жұмыс істеп тұр. 2 ірі жоба да Кентау трансформатор зауытына тиесілі. «Югэлектропривод» ЖШС-і және «Электродеталь» ЖШС-і. Өнімді өтімді жобалардың келешегі де кемел. Алдағы уақытта қуаттылығын арттыруды көздеп отыр. Екі әкіспорында 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Екі кәсіпорынның бірі асфальт шығарады, екіншісі оттегі шығаратын цех. Екеуінің өніміне де сұраныс мол. Тапсырыс беретіндердің қарасы да қалың. Алдағы уақытта Кентаудағы индустриалды аймақта тағы  3 жоба жоспарланып отыр. Оның бірі тәтті сусын шығаратын цех, екіншісі лешо кірпіш шығармақ. Ал үшіншісі гипохлорит өндіретін болады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444