Түркістан облысында 30 ірі экспорттаушы кәсіпорын бар

Алыс және жақын шет елдерден тамақ өнеркәсібі мен химия және тоқыма бұйымдарына деген сұраныс жыл өткен сайын көбейіп отыр. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткен баспасөз мәслихатында «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ-ның мамандары мәлімдеді. Жергілікті кәсіпкерлер өндіріп жатқан күнделікті тұтыну тауарларын шет елдің нарығына шығару мақсатында келісімдер де жасалыпты. Бұған дейін Кедендік Одақ аумағына шығарылып келген экологиялық таза өнімдер, енді Балтық теңізі жағалауындағы елдермен қатар Израилге де экспортталмақ. Ал Кентаудағы трансформатор зауытында құрастырылған заманауи құрылғылар Орталық Азия елдерімен қатар ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етіп отыр. Отандық тауардың бағасы мен сапасы тұтынушының көңілінен шыққаннан соң, сұраныс та артқан. Түркістан облысында экспорттық бағытта өнім өндіретін 30 кәсіпорын бар. Олар былтыр миллиардтаған өнімін шетел нарығына шығарған. Биылдан бастап шаруалар ет экспортының әлеуетін арттырмақ.Тиісінше шетелге өз өнімін шығарған кәсіпкерлерге мемлекет шығынының бір бөлігін қайтарып береді. Мұндай жеңілдік бұрын соңды болған емес. Яғни, өнім өндіруші ірі кәсіпорын қорықпай өнімін еселеп өндіруіне болады. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмек кәсіпкерлерге демеу болып отыр. Осындай көмектің арқасында алдағы уақытта кәсіпкерлер өнім өндірк көлемін арттырмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444