Бизнес саласында бағын сынап көрмекті құп көретіндердің қатары көп

Түркістан облысындағы дербес қала Кентаудың экономикасы жыл жылжыған сайын дамып келеді. Бүгінде қалада шағын және орта бизнестің 3338 субъектісі бар. Оның басым бөлігі белсенді жұмыс жасайды. Әрі ірі кәсіпорындар да бар. Оның үстіне кәсіпкерлердің саны жыл өткен сайын 5-10 пайызға артып келеді. Бизнес саласында бағын сынап көрмекті құп көретіндердің қатары артып келе жатқаны бек қуантады. Шағын және орта бизнестің қалыпты дамуына моноқаланы дамыту бағдарламасы аясында берілген несиелер соны серпін берді. Сондай-ақ, мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде бөлінген несиелер де өзінің көп көмегін тигізді. Соның арқасында шағын және орта кәсіпкерліктің шығарып отырған өнімі келеді. Өнім өндіру көлемінің артуы өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының артуына септесетіні анық. Жұмыспен қамтылғандардың саны да жылына 10 пайызға дейін жоғарылап келеді. Кентаудың өзінде трансформатор зауытынан сынды ірі кәсіпорынның өнімі тек ТМД ғана емес, шетелдерге де экспортталуда. Орта деңгейге жататын 9 кәсіпорын бар. Басым бөлігі – шағын кәсіпкерлік нысандары.  Соның арқасында жалпы ішкі өңірлік өнім 38 миллиард теңгеге артып отыр.  Қыруар қаржының құралуына сол кәсіпорындардың да үлесі бар. Сондықтан олардың бюджетке, өңірлік өнімге, экономиканың дамуына қосып отырған үлесі жоғары. Кентаулықтар кәсіпкерлік саласында қамшы салдырған емес. Алдағы уақытта да олардың қатары артары сөзсіз.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444