Бизнес биігін бағындырған
Кәсіпкерлік саласында нәпақасын арттырып жүргендердің дені мемлекеттік бағдарламалардың арқасында биік белестерді бағындыруда. Түркістан облысындағы Төле би ауданында «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 жоба жүзеге асырылып отыр. Атап айтсақ, “Балабақша “Жаз-Меру” ЖШС-і балабақша ғимаратын сатып алу үшін 30,0 млн теңге; “Шымкент Құс” ЖШС-гі құс фабрикасына қажетті инфрақұрылым жүргізу үшін 115,0 млн теңге алды. Кәсіпкерлік саласында 2018 жылдың 7 айында жалпы тіркелген субьектілер саны 8 019 субьектіні құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 7 343 субьект, яғни белсенді субьектілер 91,5 пайызды құрайды. Жаңадан ашылған 13 заңды тұлға және 180 жеке кәсіпкерлікте 300 жұмыс орын ашылды. 2018 жыл соңына дейін кәсіпкерлік саласында 5 883,0 млн теңге инвестиция тартылып жаңадан 26 нысан ашылуы жоспарлануда, нәтижесінде 472 жаңа жұмыс орындары құру жоспарланса ағымдағы жылдың 7 айында нақты 2 775,1 млн теңгеге инвестиция тартылып 14 нысан жүзеге асып 275 жаңа жұмыс орындары құрылды. Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2018 жылдың 7 айында 13 млрд 570,4 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 102,5 пайыз. Үш жақты келісім шартқа сәйкес қарқынды жеміс-жидек егу межесі 110 га, орындалғаны 78 га, яғни 70,9 пайызға орындалды.