Түркістанда жасалған…

«Қазақстанда жасалған». Ел нарығында отандық таңбамен саудаланатын өнімдерге сұраныс артып келеді. Айталық, Түркістан облысынан шығатын «Заряның» аяқ киімдері бүгінде Қазақстан ғана емес, көрші ел тұтынушыларына да таныла бастады, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Ерлер, әйелдер және балаларға арналған аяқ киімнің түр-түрін тігетін цех таяу күндері жаңа өндіріс ошағын іске қоспақшы. Аяқ киімдер былғары және қолтырауын терілерінен тігіледі. Шымкенттен шыққан өнімнің шетелдің брендтік аяқ киімдерінен еш кемі жоқ. Кәсіпкердің айтуынша, бұл аяқ киімдерді бір сатып алған адам тұрақты клиентке айналады. Себебі, сапасы жоғары, жағымсыз иіс шығармайды. Алымжан Ибраимов – кәсіпкер «Қажетті шикізаттың басым көпшілігі — отандық өнім. Нақтырақ айтқанда, Тараз бен Алматы, Семей қалаларынан әкелінеді. Ал, аяқ киімнің табаны Ресейден арнайы тапсырыспен жеткізіледі». Цехтағы құрылғылар — аспанасты елі мен  Түркияның тігін машиналары. Жақында «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасы арқылы 10 млн. теңге жеңілдетілген несие алды. Сөйтіп, мемлекет қолдауының арқасында ісі ілгерілеп отыр.  Цех жұмысы күн санап жанданып келеді. Жақында былғарыдан белбеу тігу станогы да іске қосылды. Күніне 70-80 жұп аяқ киім, 100 дана белбеу шығаратын цех қызметкерлері өндіріс ауқымы кеңейген соң тәуліктік қуаттылықты 300-400 жұпқа жеткізуді көздеп отыр. Айтпақшы, «Заряның» өнімдері Қазақстанның әр аумағына таралады. Тіпті, көрші Ресей тұтынушыларының да Шымкенттен шыққан аяқ киімдерге көңілі ауып отыр.

Г. Қалмырзақызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444