Қырман дәнге толды

Түркістан облысындағы Қарашық ауыл округіндегі «Насыр ата» iрiленген шаруа қожалығында бүгінде жұмыс қайнап жатқан уақыт. Дихан қауым күзгі жауын шашынға іліктірмей ертерек жинап теріп алуды құп көріп отыр. Қауын-қарбыз алқабында сол күнi пiсiп-жетiлген қауынды қорапша iшiне жайғастырып, көлiкке артып жатқан дихандарды кездестiрдiк. Қауын-қарбыздың бабын бiлген өзбекстандық дихандарға сенiм артқан шаруашылық қарбыздың әр келiсiн 30-40 теңгеден, қауынды даналап 100-120 теңгеден өткiзiп жатқанын бiлдiк. Әсiресе, сырты қатты, iшi тәттi тiл үйiрер қауынның «Колхозшы» сұрпына соңғы жылдары сұраныстың артып отырғанын айтады мұндағы дихандар. “Осы кәсiппен айналысып жүргенiмiзге бiраз жылдың жүзi болды. «Әрекет — түбi берекет» демекшi, негiзгi бiздiң күнкөрiсiмiз осы, диханшылық. Қауын-қарбыздарға Ресей мен Батыс Қазақстан облыстарынан сұраныс жоғары. Ал, бидай алқабындағы орым осыдан бiр апта бұрын аяқталды. Құдайға шүкiр, жаман емес. Қырман дәнге толды, жем-шөбiмiз молынан болды. Мал азығын үйде баптап отырған iрi қараға сақтап қойдық. Малдың жем-шөбi өзiмiзден болғандықтанқыстан қиналмайтын боламыз. Диханшылыққа жұмсаған шығынымызды мал шаруашылығынан тапқан табысымызбен өтеудемiз. Бұл бiз үшiн өте тиiмдi”,-дейдi кәсiпкер И.Исмаилов.

Р.Әлімбаев, «Түркістан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444