Өндірісі қуатты

Бүгінде Түркістан облысында құс шаруашылығы жоғары деңгейде дамып келеді. Облыстың түкпір түкпірінде құс фермалары көбеюде. Ал орталықтағы  «Шымкент кус» серіктестігі облыста ғана емес, елімізде алғашқы ашылған кәсіпорындардың бірі. Алып кәсіпорында 3 санатты өнім өндіреді. Яғни, жұмыртқаның 1,2,3, сұрыпы сатылымға шығарылады. Аталмыш өндіріс орында қолмен атқарылатын жұмыс жоқ. Барлығы да автоматтандырылған. Кәсіпорында бүгінде 280 адам жұмыс істейді. Құстардың бағымы жақсы, ауа температурасы, ылғалдылық, жарық барлығы да бірқалыпта сақталынады. Мұндағы өндіріс тәулік бойы бақыланады. Жұмыртқа өндірісінің бабын келтіру үшін ондаған маман тер төгеді. Тұтынушыларға балғын өнім жеткізу үшін барлық талаптар сақталынады. Мамандардың біліктілігін артыру да назардан тыс қалған емес. Жыл сайын тәжірибе алмасуға жіберіліп тұрады. Кәсіпорын облыстағы ең ірі салық төлеушілердің бірі болып табылады. Өндірісі қуатты компания алдағы уақытта өндіріс көлемін тағы да арттыруды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444