Агросалада ісі ілгері басқан кешен
Ауыл шаруашылығы министрінің жұмыс сапары Түркістан облысындағы Арыста жалғасты. Мұнда Өмірзақ Шөкеев ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін агрофирма «Жаңа Ақдала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысымен танысты, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Іскер кәсіпкер айтқан ұсыныстарды ескеріп, тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді. «Жаңа Ақдала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2016 жылы іргесі қаланған кәсіпорын тамшылатып суару технологиясының жемісін көріп отыр. Бүгінде 300 гектар аумаққа қызанақ, 100 гектарына пияз, 360 гектар жерге жоңышқа еккен. Тындырымды іске қаныққан Өмірзақ Естайұлы еліміздегі қуатты сала – агросаладағы түйткілді мәселелерден де жіті хабардар болды. Бұл пиязға әлі 1 ай бар. Қыркүйектің басында жинаймыз. Қалғанын 15 күннен кейін бастаймыз. 40 гектарын биыл ерте отырғыздық. Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі: «Бұл өте тиімді ғой. Жақсы жұмыс. Енді мұны көбейте беру керек. Әр түрінен. Ал, сату бағасы да жақсы болар. Мысалы, килограммы 60 тг. Өте жақсы». Түркістан облысы – аграрлы аймақ. Өңірде ауыл шаруашылығын өркендету мақсатында тың жобалар қолға алынуда. Бүгінде жаңа технологияларды тәжірибеге енгізген елдердің ауыл шаруашылығы алда келеді. «Біз де тек озат елдермен бәсекелес болып, ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа шығарып, сатуымыз керек. Бұл – Жолдауда көрсетілген басты бағыт», — деді вице-премьер. Ерғұлан Ажибеков – агрофирма «Жаңа Ақдала» ЖШС директоры «1 қыркүйектен бастап, комбайндармен жинаймыз. Механизированная уборка. 10 тонналық 40 КаМаз келеді. Осы алқаптан жинап, зауытқа өңдеуге алып келеміз. Зауыт тәулігіне 600 тоннаға дейін қабылдайды. Сол жерден томат пастасын шығарамыз». Ауыл шаруашылығы — ел экономикасының драйвері. Бұлай деуге негіз бар. Өткен жылы кәсіпорын рекордты көрсеткішке қол жеткізді. 3 370 тонна томат концентраты өндірілді. Биыл зауыт 2700-2800 тоннаға дейін өнім алып, тұрақты жұмыс орнын сақтап қалуды, отандық өнеркәсіпке серпін беруді жоспарлап отыр.
А.Көпжасарова