3 000 отбасылық ферма құрылатын болады
ҚР Премьер Министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевтің Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі АӨК -ні дамыту бағдарламасының және инвестициялық жобалардың іске асырылуы барысын талқылауға арналған семинар-кеңес өтті. Жалпы АӨК — ні дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларында жүктелген стратегиялық міндеттері бірініші кезекте АӨК -дегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге ұлғайту міндетін іске асыруға бағытталған. Зәкірлік кооперация негізінде етті және сүтті мал шаруашылығын дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Өңірлік салалық бағдарламалар шеңберінде өңірде 10 жылда бордақылау алаңдарының айналасында жалпы сүтті ірі қара мал басы 150 мыңнан асатын 3 000 отбасылық ферма құрылатын болады. Қой басы 300 мың басқа дейін ұлғаймақ. Сонымен бірге, өңірде тұқымды жақсарту көрсеткіштерін көтеру жайы да назардан тыс қалған жоқ. Өңірде мал шаруашылығын жүргізуге арналған 2 млн гектар жайылым пайдаланылмайды. Оларды фермерлік шаруашылықтарға кредит берудің қолжетімділігін ескере отырып отбасылық фермалар желісімен құру есебінен айналымға енгізу қажет.Кеңес пікір алмасу және өңірдің тауар өндірушілерінің маңызды мәселелерін талқылау форматында жалғасын тапты.