Бюджет түсімі артты
Түркістан облысының Ордабасы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы жарты жылдың қорытындысы бойынша айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Мемлекеттік бюджетке кірістер артығымен орындалған. Жергілікті қазынаға да былтырғыдан көп салық түсірді. Жергілікті бюджет бойынша 832 млн. теңге салық түсіру жоспарланған. Алайда, оның орындалуы 131 пайызға жетті. Жоспардан тыс 261 млн. теңге қаржы қазынаға құйылды. Жеке тұлғалардың жер салығы да 156 пайыз орындалды. Межелеген 4 млн. 341 мың теңгенің орнына 6 млн. 795 мың теңге өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 241 пайыз өсу қарқынын көрсетеді. Дәл осындай өсіммен жеке тұлғалардың мүлкіне және көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша да айтарлықтай жетістіктер бар. Сонымен қатар, аудандағы сауда қатарлары фискальді аппараттарды қарқынды түрде қоя бастады. «Чекті талап ет!» акциясын өткізіп, қазынаға түсетін салық төлемін арттыруға осындай шаралардың көмегі тиіп отыр. Мирхан Егізбаев — Ордабасы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бюджетке артығымен 323 млн теңге түсіп отыр. Өткен 2017 жылдың 6 айында 1 млрд 179 мың теңге түскен болса биылғы жоспар 127 пайызға артығымен орындалды.
Н.КЕНЖЕХАН