Моноқаланың болашағы кемел болмақ

Түркістанның облыс орталығы болуы сол маңдағы Кентау қаласының қарыштап дамуына септігін тигізгелі отыр. Кенді қала Кентауда бүгінде кәсіпкерлік кең қанат жайып келеді. Шағын және орта бизнесті дамытуға ден қойғандардың қатары артып отыр. Моноқалаларды дамыту жобасы аясында да көптеген жұмыстар атқарылды. Кезінде біраз дағдарысқа ұшыраған қала бүгінде экономикалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да даму үстінде. Енді шекарасы кеңейіп жатқан қаланың экономикасы да қарыштап дамитыны сөзсіз. «Қаратау тәжі» атанған қаладағы индустриалды аймақта 8 жобаны іске асыру жоспарланған. Қазір екеуі толық қуатында жұмыс істейді. Келешекте полиметалл және барит рудаларын қайта өңдеу, өңдіру жұмыстары қолға алынбақ. Бүгінде индустриалды аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі  «Юг-Электропривод» заманауи құрылғылармен жабдықталған. Шығарып отырған өнімінің бағасы да сапасына сай. Өндіріс орны шаһардағы индустриалды аймақта орналасқан. 2015 жылдан бастап іске қосылған кәсіпорынның қуаттылығы жыл өткен сайын артып келеді. Негізгі өндіріс ток және кернеу трансформаторларын шығарады. Өндіріс ошағынының өніміне сұраныс өте жоғары. Бүгінде көпқабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар көптеп салынып жатқаны белгілі. Сол нысандарға аталған кәсіпорынның қніміне сұранысты арттырып отыр. Моноқаланың 50 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалақысын уақытылы алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444