Өндіріс қуаттылығы жоғары

Бүгінде Түркістан облысында кірпіш шығаратын өндіріс орындары көп. Ал керамикалық кірпіш шағаратындары санаулы ғана. «Рауан-7» кірпіш зауыты МЕМСТ 530-95 сәйкес қабырға материалдарын, соның ішінде кірпіш және 125 маркалы керамикалық тас өндіреді. Зауыт негізіне жоғары технологиялық өндіріске ие. Технология ерекшелігі өндірістің жоғарғы автоматтандырылуы болып табылады. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 15 миллион дана  кірпіш өндіруге қауқарлы. Кірпіш өндірісінде қолданылатын құрал жабдықтардың дені Түркияда өндірілген «Arsan» фирмасының жоғары технологиялық жабдығы. Бұдан басқа, зауытта карьерлерді өндіру мен шикізат материалдарын жеткізу бойынша жаңа техника қолданылады. Кірпіш өндірісінде қолданылатын шикізат технология ҚР ұлттық патенттік мекеменің № 11912 және № 7984 авторлық куәліктері негізінде жасалған. Басқа  өндіруші зауыттармен салыстырғанда, «Рауан7» ЖШС өнімдерінің артықшылығы сапасында.  «Рауан» кірпіш зауытында шикізат материалдарын зерттеу және тексеру, шикізат пен өнімнің технологиялық және керамикалық қасиеттерін анықтау бойынша зертхана жұмыс істейді. Зауыт өнімі халықаралық сапа стандартына сай және тек Түркістан облысының нарығында ғана емес, еліміздің басқа облыстарында да бәсекеге қабілетті. Бүгінгі таңда рауандықтар өнім көлемін ұлғайтып, жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444