Ауданда құрылыс қарқын алды
Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында құрылыс қарқын алуда. Жақын күндері 6 бірдей нысан ел игілігіне берілмек. 30-ға тарта көшенің күрделі жөндеуден өтуі, тұрғынүй мен мектептердің бой тіктеуі жергілікті тұрғындардың қуанышын еселеп отыр. 300-ге тарта азаматқа жұмыс болған құрылыс нысандары басында біздің түсірілім тобы болып қайтты. Бейнесюжетке назар аударсақ. Қазығұрт ауданының орталығы ғана емес, шеткі ауыл-аймақтарының да бүгінде ажары кірген. Көше бойлары абаттандырылып, жарық шамдары орнатылғаннан бөлек, құрылыс та қарқын алған. Биыл салынған нысанның бірі — 300 орындық Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі. Мұнда екі ай көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Жылыбұлақ жұрты да биыл жаңа мектептің ірге қалайтынына разы. Қазір мұнда жергілікті 100-ге тарта азамат екі қолға бір күрек ұстаған. Ерсұлтан Матуллаев – құрылысшы “Ауылды жерде тұрақты жұмыс таппай, сабылғандардың бірі Қанат Дәрменбаев еді. Алматы, Астананы аралап, ауылға келген жас жігіт тұрғылықты жерден жұмыс тапқанына қуанышты”. Қанат Дәрменбаев, жұмысшы “Қазығұртта қолға алынған ауқымды жобалардың бірі – көпқабатты тұрғынүйлер құрылысы. Облыс әкімінің тапсырмасымен жүзеге асқан жоба қазір киелі Қазығұрт мекеніне көрік беруде. Ауданның 90 жылдық торқалы тойы қарсаңындағы игілік – дамыған елдің ажарын айқындағандай”. Асылбек Баймұрзаев – Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы “Қазығұрттың гүлденуі барша Түркістан облысының мақтанышы болмақ. Осындай игілікті істерді қолға алған жергілікті биліктің нәтижелі жұмысы Елбасы саясатының сәтті жүзеге асқанына дәлел”.
П.Биназарқызы