Ерте піскен өнім өтімді

Түркістан облысындағы Мақтаарал және Сарыағаш ауданының шаруалары егіншіліктің хас шеберлері.  Көктемі ерте шығатын, жазы аптап ыстық болатын өңірде жеміс жидек те, көкөніс те, қауын қарбыз да ерте піседі. Ақпанның басында егіліп, бүгінде өнім қазан боп жатқан қырыққабат Мақтааралда 892,5 гектар жерге егілген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 112,8 гектарға артық. Ал жылына қырыққабаттан үш рет өнім алатын сарыағаштық диқандар 1,5 мың гектар жерге ерте көктемгі қырыққабат, жаз және күз айларында осы көкөністердің бірнеше сор­тын 5500 гектарға егеді. Өнім ерте пісіп, тұтынушыға жетеді. Ең алдымен піскен қырыққабаттарды келісін 90 теңгеден саудалайды. Әрі ерте піскен өнім өтімді де. Мақтаарал ауданындағы «Ынтымақ» шаруа қожалығы 4 гектар жерге қырыққабат еккен. Өнімнің біраз бөлігін жинап, саудалап та үлгерді.  «Атамекен» ауылдық округінде 370 гектарға қырыққабат егілген. Алдағы уақытта шаруалар көкөніс алқаптарын ұлғайтуды көздеп отыр. Жалпы Түркістан облысы бойынша дихандар 43 мың тонна шамасында қырыққабат экспорттаған. Соның ішінде бір Ресей нарығына 145 мың тоннадан астам қауын-қарбыз шығарылды. Соңғы уақытта облыста қарқынды бау шаруашылығын дамыту және жаңа технологияларды қолданудың арқасында бақша өнімдерінің көлемі артты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444